0
  0

___ҚАЗАҚША___РУССКИЙ

0
_ _ ______
.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті


Жаңалықтардың архивы. 2010 жыл
27/12/2010   2010 жылдың 27 желтоқсанынандауылды алдын ала ескерту
2010 жылдың 28 желтоқсанына қараған түні Шығыс-Қазақстан облысында қар, жел, жел солтүстік-батыстан до 15-20 м/с жылдамдыққа күшейеді, ауа температурасының 30-35° күрт төмендеуі, кейбір аймақтарда ауа температурасы  20-25° градуз аязға дейін төмендеуі  күтілуде. Құрметті азаматтар! ШҚО ТЖД Авариялық-құтқару қызметі күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады...
27/12/2010   Риддер қаласында пиротехникалық бұйымның (петарда) жарылғанынан зардап шеккен бірінші жағдай тіркелді
Азаматтарға пиротехникалық бұйымдарды қолданғанда абай болу керектігін бірнеше рет ескерткеніне қарамастан, алғашқы зардап шеккендер  бар. Риддер қаласында пиротехникадан жарақат алған бірінші жағдай тіркелді. 2010 жылдың 25 желтоқсанында сағат 00:45 те №4-ші МӨСБ-не Риддер қалалық ауруханасының кезекші медбикесінен, 24.12.2010 жылы 21 сағат 25 минутта  II – III дәрежелі беті мен көзін термиялық күйік шалған 1983 жылы туған азамат  түскені жайлы хабарлама келді...
24/12/2010 Глубокое ауданындағы тұрғын үйде болған өрттен 3 адам қаза тапты
Күндіз Прогресс ауылында төтенше жағдай орын алды. Көршілері қалың қара түтін шыққанын көрген кезде өрт сөндірушілерді шқырды. Олар келгенге дейін жалын барлық үйге тарап үлгерген. Үйдің шатыры, қабырғалары жанып жатты. Өртті тоқтатуға өрт сөндірушілер 3 сағаттай уақыт жұмсады. Өрт сөндіру барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері еденнен күйген 3 адамның мәйітін тауып алды. Екі адамның кім екендері бірден анықталды...
22/12/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар назарына, 2010 жылдың 23 желтоқсанында «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» 30-35 км жолында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары  жүргізілетінін    хабарлайды...
15/12/2010 ШҚО ТЖД мерекелік жиын өтті
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күні мерекесі қарсаңында ШҚО ТЖД ғимаратында ТЖД қызметкерлері мен басшылықтары қатысуымен мерекелік жиын болып өтті.  Мерекені Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Нұрбатчанов құттықтау сөз арқылы ашты:- « 19 жыл – бұл күн жаңа тәуелсіз Қазақстанның пайда болу және қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған күні
13/12/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар назарына, 2010 жылдың 14 желтоқсанында «Өскемен-Зырян» 58-65 км жолында алдын ала қар көшкінін түсіру жұмыстары  жүргізілетінін    хабарлайды. Жұмыстың басталуы және ұйымдастыру жиыны сағат 12-00-де «Өскемен-Зырян» жолындағы 66 км Жол полициясы постында  болады. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз...
06/12/2010 ШҚО ТЖД БАҚ өкілдері үшін тәжірбиелік сабақ өткізді
Олар батыл, өжет балалар... Қызу деректер жинау барысында олар өз өмірлерін қатерге тігеді. Жаңа материалдар дайындау үшін олар отқа да, суға да түседі. Олар құтқарушыларды көз алдымызға келтіреді, бірақ олардың басты мақсаты жаңалықтарды түсіру және көрсету, содан кейін барып өзін және өз қауіпсіздігін ойлайды. Басқаша айтқанды олар бұқаралық ақпарат құралдары, төртінші билік өкілдері, журналистика мамандары...
03/12/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласының тұрғындары назарына, 2010 жылдың 03 желтоқсанында  сағат 13-00 ден сағат 18-00-ге дейін ҮМЗ қалдықтар сақтау аумағында жарылыс болатынын   хабарлайды. Жарылыс жұмыстарын «Өскемен Трансвзрывпром» ЖШС өткізеді. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз...
01/12/2010 Пресс-релиз
2010 жылдың 6 желтоқсанында сағат 09. 00 – де Бажов көшесі 28 үй мекен-жайында орналасқан ( «Мойдодыр» көлік жуу жанында)  ШҚО ТЖД оқу орталығында БАҚ өкілдеріне арналған  «Қазақстан аумағындағы табиғат  апаттары, авариялар мен апаттар, сонымен бірге ТЖ кезінде әрекет ету ережелері» атты тақырыпқа дәріс оқу курсы болады...
25/11/2010 ШҚО ТЖД өткізілген техникалық Кеңес туралы ақпарат
25.11.2010 жылы «Казцинк-Шахтострой» ЖШС, «Қазмырыш» ЖШС,  «Қазмырыш» ЖШС «КЦРС» ЖШС Риддер алаңы, «Қазмырыш» ЖШС КМТК Риддер алаңын кешенді тексерулердің  Акт-ұйғарымдамасындағы бұзушылықтарды жою қорытындылары бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ШҚО ТЖД техникалық Кеңесінің отырысы өткізілді...
19/11/2010 Абайлаңыз!!! Көктайғақ
Үш күн бойы Шығыс Қазақстан облысының  көптеген аймақтарында толассыз жауын жауды. Термометр көрсеткіштері +10 градуста тұрақтады.   Бірақ кеше температура күрт -5 градусқа төмендегендіктен дымқыл асфальт жолдары қатып үлгерді, ол кезде көпшілік тұрғындар үйлерінде болып үлгерді. Осының салдарынан 19 қарашаға қараған түні облыс орталығының жолдары, аймақтың басқа бөліктеріндегі қозғалыстың шекаралық трассалары көктайғаққа айналды...
18/11/2010 Қаланың ірі қонақ үйлерінің бірінде өрт-тактикалық оқу-жаттығулары болды
«Ертіс» қонақ үйінің Әкімшілігі мен келушілері өрт кезінде қалай әрекет ету керектігімен танысты. Тактикалық оқу-жаттығулар екі құрылым жұмысының өте жақсы жаттыққандығын көрсетті. Шартты түрдегі өрт алтыншы қабаттағы бөлмелердің бірінен шықты. Қатты түтін адамдардың үрейленуіне әкеп соқты, сондықтан олар өздігінен далаға шығуға жүрексінді. Осы кезде өрт сөндіруші бөлімшелер оқиға болған жерге келіп жетті...
17/11/2010   Шығыс Қазақстан облысында «Қыс - 2010» атты  командалық-штабтық оқытулар өтіп жатыр
Өткен жылғы қарлы қатал қыс Шығыс Қазақстан облысында ұзаққа созылды. Тұрғындарды қатты суық пен көп жауған жауын-шашын қажытып жіберді. Мыңдаған адамдар қарлы борасын мен боранның тұтқыны болды. Сондықтан бүгіннен бастап ТЖ қызметі қыс мезгілінің кезеңіне мұқият дайындалып жатыр. Қазірдің өзінен қызметкерлер бірнеше шараларды әзірлеп жатыр. Осыған байланысты 17 қарашада Өскемен қаласындағы дағдарыс орталығы базасында екі күндік «Қыс - 2010» атты  командалық-штабтық оқытулар басталды...
17/11/2010 ШҚО ТЖД қызметкерлері өзін-өзі өлтірмекші болған 22 жасар жігітті құтқарып қалды
Бұл оқиға мейрам қарсаңында болды. Батыл жігіт Ертіс көпірінен секіріп кетпек болған. Оған себеп болған – жауапсыз махаббат, дәлірек айтқанда сүйген қызының басқа біреумен тұрмыс құрмақшы болғандығы еді. Оқиға болған жерде барлық шұғыл ден қою қызметтері жұмыс атқарды. Кез-келген ойланбай жасаған қадамнан жігітті аман алып қалу мүмкін емес еді.  Сондықтан онымен байланысқа ТЖ департаментінің психологы Светлана Андрусенко шықты...
09/11/2010 Құрметті азаматтар!
Алда келе жатқан қысқы кезеңге байланысты облыс жолдарында төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін. Жергілікті атқарушы органдармен, жол қызметімен бірлесіп ШҚО ТЖ департаменті жолдардың өтімділігін қамтамасыз етуге облыстық, сонымен қатар республикалық маңызы бар жолдарда үлкен жұмыстар атқарды. Жедел қызметтердің мамандандырылған арнайы  техникалары толық әскери дайын тұр. Қаладан тыс жерлерге шығарда ауа-райын мұқият қадағалаңыз, шығудың маңыздылығын бағалаңыз...
09/11/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен қаласының тұрғындары назарына, 2010 жылдың 10 қарашасында сағат 13-00 ден сағат 18-00-ге дейін  құз тастарын үгу арқылы тас алу мақсатында ҮМЗ қалдықтар сақтау аумағында жарылыс болатынын   хабарлайды. Жарылыс жұмыстарын «Өскемен Трансвзрывпром» ЖШС өткізеді. Тыныштық сақтауларыңызды өтінеміз...
09/11/2010   Судағы бақытсыз жағдай
Өскемен қаласында із-түссіз жоғалып кеткен екі жас адамның денелері екі айдан соң барып қаладағы қазан шұңқырларының бірінен табылды.  Жігіт пен қыз қазан айының басында 99-шы модельді «Жигули» автокөлігіне мініп түнгі қаланы аралауға шыққан. Содан бері үйлеріне оралған жоқ. Куәгерлердің айтуына қарағанда соңғы рет оларды Октябрь жағажайында көрген. Тап сол жерден судан құтқару қызметі оларды іздестірген...
05/11/2010 Дауылды алдын ала ескерту
«Қазгидрометтің» мәліметі бойынша  2010 жылдың 07 қарашасында Шығыс Қазақстан облысында жылдамдығы 18-23 м/с, екпіні 28 м/с жел соғады, кей жерлерде қарлы боран болады деп күтілуде...
02/11/2010   340 тоннадай шөп жанып кеткен
Ағымдағы жылдың 9 айында ауданымызда 55 өрт, 42 өрт деп есепке алынбайтын жану оқиғасы тіркелген.Өрттің салдарынан 1 рет кісі өліміне апарып соқтырған жағдай болды, 4 адам жарақат алды. Мәліметтерді салыстырмалы түрде алып қарасақ 2010 жылдың 9 айы кезіндегі өрт 2009 жылдың 9 айына қарағанда 15 өртке өскен. Өрт орын алған негізгі нысан-тұрғын үй секторы-45 өрт (83 %),6 рет автокөлік өртенуі (10 %),4 әртүрлі шаруашылық нысандарында (7 %) болған...
01/11/2010 Ірі азықтың жануы 30 пайызға өсті
Ауыл тұрғындарының қыстық ірі азықты, яғни жем-шөпті сақтауға немқұрайды қарағандары Шығыстың өрт сөндірушілерін қатты алаңдатуда.  Өрт қауіпті кезең әлі аяқталған жоқ, соған қарамастан  шөптің өртенуі  30 пайызға өсті. Қазірдің өзінде мамандар үрей тудыратын сандарды келтіріп отыр. Бүгінгі күні өңірімізде 1500 тоннаға жуық ірі азық  жойылды. Ең көп жану Үржар ауданында болып отыр, онда 500 тоннаға жуық шөп жанып кетті...
21/10/2010 Жылу беру жүйесіне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары
Жылу беру маусымы басталар алдында пештер. басқа да жылу кұралдары Мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Жарамсыз пештер мен басқа жылу беру құралдарын пайдалануға тыйым салынады...
18/10/2010   «Казцинк» ЖШС РМК №3 ҚҚ пеші залалсыздандыру-қазандығымен» нысанын пайдалануға қабылдау комиссиясының жұмысы тұралы ақпарат
«Казцинк» ЖШС РМК №3 ҚҚ пеші залалсыздандыру-қазандығымен» нысанын пайдаланұға қабылдау комиссиясының жұмысына 14.10.2010 жылы ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД ӨҚ және ТЖ МББ инспекторлары қатысты. Комисссия келесі құрамда жұмыс істеді: - комиссия төрағасы – тапсырыс беруші жағынан «Казцинк» ЖШС РМК №1 біріккен цех бастығы, жоба менеджері; - комиссия мүшелері:- мемлекеттік органдар өкілдері: ШҚО ТЖД, ҚР ҚОҚМ, ШҚО әлеуметтік...
18/10/2010 ШҚО ТЖД Басшы құттықтауы
Біздің мемлекетіміздің аймағы мен одан тыс жерлердегі төтенше жағдайларды жою және алдын алу мәселесін жоғары деңгейде шешу үшін елімізде өткен жылдары қуатты және жедел қою жүйесі қалыптасты...
13/10/2010   Өрт сөндірушілер маршы
Кең байтақ жерім, асқар тау белім
Бейбіт күн кешсін, егеменді елім
Сақтасын өрттен,тілсіз сұм жаудан
Деп тілеп елім, бізге артқан сенім.
12/10/2010

«Тамила плюс» ЖШС құрылым бөлімшелерінде жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жоспарлы тексеру өткізу туралы ақпарат

ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздікті және ТЖ мемлекеттік бақылау басқармасымен  06.10.-07.10.2010 ж. арылығында «Тамила плюс» ЖШС құрылым бөлімшелерінде жоспарлы тексеру өткізілді. Жүргізілген жоспарлы тексеру нәтижесіңде мына мәліметтер анықталды: «Тамила плюс» ЖШС бекітілген қауіпсіздік Декларациясы бар (Тіркелген № 03-06.01.00465-КТ от 24.02.2006г.). Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі кызметі «Тамила плюс» ЖШС өндірістік бақылау ережелеріне» сәйкес және ТҚ және ЕҚ бөлімінің жылдық жоспары бойынша...
07/10/2010   Мал  шаруашылық өндірісінің  объектілері
Малдар мен құстарға арналған орындарда шеберханалар, қоймалар, автокөліктер, тракторлар, ауылшаруашылық техникалар тұрақтарын орналастыруға, сондай-ақ ферма қызметіне байланысы жоқ басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілмейді. Құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталмаған тракторлар, автокөліктер, шаруашылық көліктері бұл орындарға жіберілмейді. Фермаларда 20-дан көп мал болса, арқандаудың топтық тәсілі қолданылады...
05/10/2010 ШҚО ТЖД ТЖ және ӨҚ МББ инспекторлық құрамын техникалық және құқықтық оқыту
2010 жылдың 29 қыркүйегінде ШҚО ТЖД ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының «Мәжіліс залында» инспекторлық құрамға техникалық және құқықтық оқыту жүргізілді. Оқу барысында орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарына арналған төрт ақпарат қарастырылып, талқыланды: ҚР ТЖМ 10.09.2010 ж. «Елбасының Жарғыларын бұдан әрі іске асыру мәселелері» жөніндегі отырысының хаттамасы және Елбасының 19.03.2010 ж...
22/09/2010   Тілсіз жаумен күрес
Әр уақытта өрт сөндіру бөлімінде Ел үшін азаматтар тер төгуде, Білімімен дайындығын шыңдап олар
Елінің тыныштығын күзетуде. Біз дайынбыз тілсіз жаумен күресуге Дабыл соқса асығамыз тез жетуге,
22/09/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауы бойынша, Өскемен, Риддер қалаларында және Жаңа Бұқтырма поселкесінде  2010 жылдың 23 қыркүйегі сағат 21-00 дейін екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеорологиялық жағдай) сақталатынын  хабарлайды...
21/09/2010 Біздің Алмас !
Мемлекетіміздің дамуына және өркендеуі жолындағы ортақ іске үлес қосу әр мемлекеттік қызметкердің басты мақсаты болып табылады. Елбасымыздың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» атты Қазақстан халқына жолдауында көрсеткендегідей халықтың денсаулығы Қазақстанның стратегиялық мақсаттағы жетістіктерінің құрамдас бөлшегі болып отыр...
17/09/2010   Бабкина Мельница ауданында өрт сөндірушілер рейд жүргізді
Өскемен қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлерді күнделікті тексереді және тұрғындарға негізгі өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. - Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері біз тұрғын үйлермен жұмысты жандандыра түстік, жыл басынан бері тұрғын үйлерде 228 өрт шығып, 14 адам қаза болды. Пеш жағу, жылыту құралдарын, жем-шөпті дайындау кездегі өрт қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз. – дейді Өскемен қаласы ТЖ Басқармасы Баспасөз хатшысы Марина Лискова...
08/09/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауы бойынша, 2010 жылдың 10 қыркүйегінде түнде облыстың кей жерлерінде  ауа температурасы 0-2° суытатынын, жауын-шашын (жауын соңы қарға айналады) болатынын хабарлайды
02/09/2010   Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауы бойынша, 2010 жылдың 4-5 қыркүйегінде облыстың кей жерлерінде  ауа температурасы 0-2° суытатынын  хабарлайды
31/08/2010   Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппарат жетекшісінің нұсқауын орындау барысында және  Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті 2009-2010 жылдарға арналған шаралар Жоспарына сәйкес 2010 жылдың 26 тамызында ШҚО ТЖ департаментінде іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізетін құрылымдық бөлімшелер мен ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында “Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты конкурс ұйымдастырылды.
26/08/2010   Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауы бойынша, Өскемен қаласында 2010 жылдың 26 тамызы сағат 15-00 ден 2010 жылдың 27 тамызы сағат 21-00-ге дейін екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеорологиялық жағдай) болатынын   хабарлайды...
24/08/2010 Дала
Шығыс Қазақстан облысында дала өрттерінің саны екі есеге артты.  Бірақ, өрттен шығын болған жоқ. Өртке қарсы қызмет мамандарының шұғыл және жаттыққан әрекеттері арқасында өрттер кең ауқымға жайылған жоқ. Өрттер бірінші даму кезеңінде жойылады. Сандарға сүйенсек, бүгінгі күні аймақта 43 дала өрті тіркелген, ол былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Өрт 4 мың гектар жерді жойған.
23/08/2010 Mемлекеттік тілде ең үздік іс жүргізушілер – шқо тжд қызметкерлері
ШҚО ТЖД мамандары облыста мемлекеттік тілде ең үздік іс жүргізушілер болып танылды. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл бойынша өткен облыстық конкурстың қазылар алқасы осындай шешімге келді.  Өз қарсыластарын озып, ең көп мөлшердегі ұпай жинап,  ШҚО ТЖД командасы гран при иегері атанды.Конкурс мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы шеңберінде өтті...
23/08/2010  

ШҚО ТЖД ТЖ және ӨҚ МББ Кеңесін өткізу туралы ақпаратты ҚР ТЖМ сайтына орналастыру үшін

20.08.2010 жылы «Шығысмашзауыт» АҚ-да жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жоспарлы кешенді тексеру нәтижесі бойынша ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздікті және ТЖ мемлекеттік бақылау басқармасы Кеңесінің мәжілісі өткізілді. Кеңеске ШҚО ТЖД Басқарма бастығы Закирьянов А.Р., басқарманың бөлім бастықтары мен бас мамандары, кәсіпорынның басшылары мен бас мамандары қатысты...
23/08/2010 ШҚО ТЖД ТЖ және ӨҚ МББ Кеңесін өткізу туралы ақпаратты ҚР ТЖМ сайтына орналастыру үшін
20.08.2010 жылы «ӨТМК» АҚ-да жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жоспарлы кешенді тексеру нәтижесі бойынша ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздікті және ТЖ мемлекеттік бақылау басқармасы Кеңесінің мәжілісі өткізілді. Кеңеске ШҚО ТЖД Басқарма бастығы Закирьянов А.Р., басқарманың бөлім бастықтары мен бас мамандары, кәсіпорынның басшылары мен бас мамандары қатысты...
19/08/2010 Астықты өрттен сақтайық
Астық жинау науқаны басталғанға дейін оған қатыстырылатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі қажет, ал астық жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар-екі найзалы күрек-термен, екі сыпырғышпен), жарамды ұшқын өшіргіштерімен жабдықталуы және майлау, тұтандыру мен көріктендіру жүйесі реттелген болуы тиіс...
12/08/2010 Ақпараттар үшін
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның хабарлауы бойынша, Өскемен қаласында 2010 жылдың 12 тамызы сағат 18-00 ден 2010 жылдың 13 тамызы сағат 21-00-ге дейін екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеорологиялық жағдай) болатынын   хабарлайды.
30/06/2010   Семей қ. ТЖБ қызметкерлері жазғы кезеңде  қала маңындағы  балаларға арналған лагерлерде балаларды қауіпсіздік ережесіне оқытуда
Балаларға арналған қала маңындағы сауықтыру лагерлерінің жұмыс маусымы басталуымен Семей қ. ТЖ басқармасының қызметкерлері шығу әдісі арқылы балаларды өрт қауіпсіздігі мен суда жүру ережесіне үйретті. Өрт-қолданбалы спорт бойынша викториналар мен жарыстарға қатысу арқылы балалар алған білімдерін ұштай түсті...
28/06/2010   Көңілді демалыс
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында ШҚО ТЖД қызметкерлері 25 маусым күні «Зоя Космодемьянская» атындағы балалар лагеріне барды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар ойын түрінде балаларға «Өрт шыққан кездегі әрекеттер реті», «Суда бақытсыз жағдайлардан қалай құтылуға болады» тақырыптарға әңгімелер өткізді...
24/06/2010   Баспасөз хабарламасы
2010 жылғы 17 маусымда Өскемен қаласында «Жастарды экологиялық тәрбиелеу – тұрақты дамуға жаңа ойлауды қалыптастыру кілті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтіп, Семей қ. Өрт техникалық орталығының аға қызметкері Наталья Владимировна Рыкова қатысты....
02/06/2010 Ағымдағы жылдың 5 айындағы ШҚО ТЖ Департаментінің өнеркәсіптік бақылау жұмыстарының  қорытындысы және 2010 жылдың аяғына дейінгі міндеттері туралы
31.05.2010 жылы сағат 10.00-де ШҚО ТЖД ТЖ және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының ғимаратында «Ағымдағы жылдың 5 айындағы ШҚО ТЖ Департаментінің өнеркәсіптік бақылау жұмыстарының  қорытындысы және 2010 жылдың аяғына дейінгі міндеттері туралы» ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары жөніндегі техникалық кеңесі өтті...
21/05/2010   Семей қ. ТЖБ қызметкерлерімен ауылдық мектептер бойынша үгітавтобусының шығуы ұйымдастырылды
2010 жылғы 18 мамырда Семей қ. ТЖБ қызметкерлерімен ауылдық мектептер бойынша үгітавтобусының шығуы ұйымдастырылды. Прииртышск ОМ, Шақаман ОМ, Достық ОМ, Бөкенші ОМ және №24 Шағат ОМ болып, жазғы демалыс кезінде балалардың тентектігінен болатын өрттерді алдын алу жөнінде мектептердегі кіші және орта буындағы оқушылар арасында сабақ өткізілді. Өңірдегі мектептерде өрт-техникалық орталығының жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, әр түрлі суреттер, макеттер...
21/05/2010 Елеулі ерлік
2010 жылғы 17 мамырда сағат 12:40 Өртке қарсы қызмет пультіне өрт туралы хабар келіп түсті. Өрт фактісі бойынша жүргізілген тексеру барысында жеке меншік тұрғын үйдің дәлізінде ағаш құрамастырмалар, жиһаз жанғаны анықталды, ауданы 30 ш.м., өрт анықталған үйдің есігі сырттан жыбық болып, үй ішінде 2007 жылы туған бала қалған...
14/05/2010 ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының бақылауындағы кәсіпорында орын алған ауыр жазатайым оқиға туралы ақпарат
2010 жылдың 17 сәуірінде Николаев кенішінің эксплобарлау қияқазында СВП-22 аркалы бекітпесін орнату кезінде таукен массасы опырылып, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ШШҚБ бекітпешісі К.К.Мамырбаев ауыр жарақаттанды. Арнайы тексеру комиссиясы анықтағандай жазатайым оқиғаның негізгі себептері...
14/05/2010   ШҚО ТЖД Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасының бақылауындағы кәсіпорында орын алған ауыр жазатайым оқиға туралы ақпарат
2010 жылдың 12 сәуірінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ЖКБК Орлов кенішінің № 3 учаскесінде жару жұмыстарын жүргізгеннен кейін шпурларды бұрғылаушы К.Т.Қапсанов желдетілмеген забойды қарауға кетеді, нәтижесінде жүргізілген жару жұмыстарынан болған газдан уланып, қайтыс болады. Арнайы тексеру комиссиясы анықтағандай жазатайым оқиғаның негізгі себептері...
14/05/2010 ШҚО ТЖД Техникалық кеңесін өткізу туралы ақпаратты
13.05.2010 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС ШШҚБ, ЖКБК, БКБК орын алған жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру қорытындылары бойынша ШҚО ТЖД Техникалық кеңесі өткізілді. Кеңеске ЕжХӘҚМ ШҚО бойынша Департаментінің еңбек қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Т.Т.Немеренов, «ТМҚТҒЗО» ЕМК-дан Д.Т.Оқасов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Маметьев Ю.И., ШҚО ТЖД ТЖ және ӨҚ МББ бастығы А.Р.Закирьянов...Ко
05/04/2010   Дауылды алдын ала ескерту
2010 жылдың 5-7 мамырында жауын-шашынның болуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында су деңгейінің көтерілуі күтілуде, су тасуы және тасқын болуы мүмкін...
29/04/2010   Су апаты –жойқын күш
Қардын қарқынды еруіне, жауын-шашынының көп мөлшеріне және өзендерде кептелістерге байланысты сел, су тасқыны болуы мүмкін. Су тасқынының барлық түрлері жеткілікті дәрежеде ескерілуі керек, сондықтан су тасқынының қаупі бар аумақтардағы адамдар әрекеті алдын ала жоспарланған және жолға қойылған келесі тәртіпте болу керек. Су тасқынына дейін:Мемлекеттік өкілетті органдардың руқсатымен  күрделі қүрылыс жұмыстарың жұргізу...
28/04/2010   Дауылды алдын ала ескерту
2010 жылдың 28-30 сәуірінде температура фонының жоғары көтерілуіне және жауын-шашынның болуына байланысты Шығыс Қазақстан облысында су деңгейінің ары қарай көтерілуі күтілуде, су тасуы және тасқын болуы мүмкін...
23/04/2010 22.04.2010 ж  арналған өрт туралы апталық хабарлама
2010 жыл басынан бастап Семей қаласы бойынша 177 өрт тіркелді, материалдық шығын мөлшері 5 342 586 теңге. Өрттен 11 адам қаза тапты, 4 адам зиян шекті, құтқарылғандары – 9, көшірілгендер – 416. Өткен аптада 7 өрт тіркелді.2010 жылғы 15 сәуірде 2-ӨҚҚЖ ӨБОП пультіне Карменов көшесі, 11 «а» ауданында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті, жылу жолының құбыры жанды. Жылу жолының құбырында 2 шаршы м. майлықтар, матрац және қоқыстар жанды...
14/04/2010  

«Қазахмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшелеріндегі тау салмағының құлауынан зақымдану мәселелері – ерекше назар аудару

ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД өнеркәсіптік бақылау тарапынан «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС бөлімшелерінде таукен массасының опырылуынан еңбекшілердің зақымдану мәселесіне баса назар аударылады. ҰҚК ШҚОД, ХӘҚЕҚ ШҚД, ТМҚТ ҒЗО бірге 08.10.2009 ж. кәсіпорын басшыларын шақыру арқылы «ШҚО қауіпті өндірістік объектілеріндегі өндірістік зақымдану жағдайы және оған жол бермеу шаралары» атты тақырыпта кеңес өткізілді...

01/04/2010 Дауылды алдын ала ескерту

2010 жылдың 1-6 сәуір аралығында ауа-райының жылынуына және жауын—шашынның болуына байланысты  Шығыс Қазақстан облысының өзендері мен  суқоймаларында су деңгейінің көтерілуі, жылғалардан су ағуы, судың  тасуы  қаупі бар деп күтілуде...

     
 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       
  Copyright © 2007 ШҚО ТЖД
 
  Өскемен қ., А. Протозанов көш., 97/1    
  E-Mail: Info@vkogps.kz     Сайтты әзірлеушілер: Website@vkogps.kz