Астық жинау науқаны басталғанға дейін оған қатыстырылатын барлық тұлғалар өртке қарсы нұсқаулықтан өтуі қажет, ал астық жинайтын агрегаттар мен автокөліктер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндардың барлық түрлері мен тракторлар-екі найзалы күрек-термен, екі сыпырғышпен), жарамды ұшқын өшіргіштерімен жабдықталуы және майлау, тұтандыру мен көріктендіру жүйесі реттелген болуы тиіс.
Жалпы, астық жинау жұмысы жерді 50 га аспайтын алқаптарға бөліп-бөліп жасалуы тиіс. Осындай әрбір участок арасы кеңдігі 8 м. кем болмайтын етіп, орылып алынады. Бұл белдеулерден орылып алынған астық тездетіп әкетіледі. Орылған белдеулер ортасы 4 м етіп айдалады.
Аумағы 25 га асатын егін алқабы маңында өрт шыға қалған жағдайда қолдану үшін соқа тіркелген трактор дайын тұруы қажет.
Астық жинау мен жем-шөп дайындау кезінде:
-тракторларға, самоходтарға және автокөліктерге капотсыз немесе ашық капотпен жұмыс істеуге;
-қозғалтқыштың радиаторындағы шаңдарды тазалау үшін дәнекер лампасын қолдануға;
-егістік басында түнгі уақытта автокөліктерге жанармай құюға жол берілмейді. Қозғалғыштын радиаторлары, битерлердің, сұрыптағыштардың, тасымалдағыштардың және сабан толтырғыштардың белдіктері, шнектер және астық жинайтын машиналардың басқа да буындары мен бөліктері уақтылы шаңнан, сабандардан және дәндерден, тазартылып тұруы тиіс.
БЕКТЫҒАЗЫ САЯНОВ
Үржар ауданының ТЖБ аға инженері.
|