| 0 | |||||||
| 0 |
|
![]() |
|||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 0 | . | ||||||
|
ЖАНАЛЫҚТАР, ОҚЫҒАЛАР |
![]() |
||||||
Mемлекеттік тілде ең үздік іс жүргізушілер – шқо тжд қызметкерлері |
|||||||
ШҚО ТЖД мамандары облыста мемлекеттік тілде ең үздік іс жүргізушілер болып танылды. Мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында мемлекеттік тіл бойынша өткен облыстық конкурстың қазылар алқасы осындай шешімге келді. Өз қарсыластарын озып, ең көп мөлшердегі ұпай жинап, ШҚО ТЖД командасы гран при иегері атанды.
Бұл тапсырманы ШҚО ТЖД қызметкерлері жеңіл орындап шықты. Қатал қазылар алқасы ТЖ командасының бірлескен жұмысын байқады, барлық бес қатысушы да жұмыла, тату жауап беріп отырды, тіпті хормен деп те айтуға болатын еді... Сайыстың аяқтаушы кезеңі болып шешендік қойылым көрсету болды. Қатысушылардың біреуі емтихандағыдай билет алып, көпшілік алдында тақырыпты ашуы қажет. Оны жай ғана әңгімелеу емес, бұл жерде қиын сөйлемдер мен сөз тіркестерін үйлестіріп, орын-орындарына қою керек. Барлық тапсырмаларды үздік орындап шығып, ШҚО ТЖД командасы сөзсіз гран при иегері атанды. Сайыста әріптестерін ШҚО ТЖД үрмелі оркестрі де қолдағанын атап өту қажет. Оркестр өз қойылымымен көрермендерді қызу және жағымды әсерге бөледі. ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі. |
|||||||
|
|
|||||||
| Copyright © 2007 ШҚО ТЖД | |||||||
| Өскемен қ., А. Протозанов көш., 97/1 | |||||||
| E-Mail: Info@vkogps.kz | Сайтты әзірлеушілер: Website@vkogps.kz | ||||||