ҚР ТЖМ АҚ департаментінің директоры Мейрам Ысқақов жұмыс сапармен ШҚО ТЖ департаментіне келді.
Азаматтық қорғаныс департаментінің басшысы ШҚО ТЖД-нің қорытынды кеңесіне қатысты, сонымен қатар ол ШҚО ТЖД бөлімшелері арсеналындағы жауынгерлік техникалармен танысты.
Мейрам Қабденұлына өтімділігі жоғары құтқару автомобильдерінің түрлері көрсетілді, олар адамдарды құтқаруға қиын сәттерде үнемі көмек көрсеткен техникалар болып табылады.
ШААЖҚЖ құтқарушылары өтімділігі жоғары «Трэкол» жаңа автомобилін көрсетті. Арнайы техника сырттай броневике ұқсас, тек салонның іші жылыланған және өте жайлы, ал оның дөңгелектері тек құрғақ жерде емес, суда да жүруге арналған. Машина GPS навигатормен және күшті жылыту жүйесімен жабдықталған. Егер «Нива-Марш»-тың сыйымдылығы 3 адам болса, «Трэкол» 8 және одан да көп адамды көшіре алады. Арнайы техниканың техникалық жағдайымен құтқарушылар зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Автомобильдің ең жоғарғы жылдамдығы 70 км/сағ. «Трэкол» республикады көп емес, олар барлығы 4 бірлік. Бірақ болашақта конвейерде тағы 5 автомобиль шығару жоспарланған.
Сапта сонымен қатар ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ құтқарушылары мен өрт сөндірушілерінің, ҚР ТЖМ ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің арнайы техникалары көрсетілді.

Жылдық кеңесті ШҚО ТЖД бастығы Рулан Нұрбатчанов ашты. Облыстық ТЖ басшысы ведомстваға қарасты бөлімшелердің жетекшілері құрамы алдында өткен жылда жасалған жұмыстар жайлы есеп берді. Өткен 2011 жылы шығыс өңірінде 2300 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен оқиғалар болған. Бұл сан өткен 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,5 пайызға көп, оның ішіндегі төтенше жағдайлар саны 203.
«Облыста ТЖ мен оқиғалар салдарынан 426 адам зардап шеккен, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға азайған. Қаза болғандар саны 147 адам, ол да былтырғы жылмен салыстырғанда 9,8 пайызға кеміген», - деді Руслан Нұрбатчанов.
Департамен бастығы 2011 жылы кең спектрлі шаралар дағдарыс жағдайында күштер мен құралдарды басқарудың тиімділігін жоғарылатуға, ТЖ болжау мен оларды алдын алуған бағытталғандығын атап өтті. Бүгінгі күні Бірыңғай диспетчерлік қызмет шұғыл әрекет ету қызметтерінің барлығына шыға алады.
«Автоматтандырылған орталық хабарландыру жүйесі мүмкіндіктерін кеңейту мен оның жұмыс жасауын қолдау жайлы мәселе үнемі бақылауда тұрады. 2011 жылы ШҚО хабарландыру жүйелерін түгендеу жұмыстары жүргізілді. Оған 30 жыл болғандығы және ол түбегейлі жаңартуды қажет ететіндігі анықталды. Соңғы 15 жылда жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз етулер мен жүйелер жаңартылмаған.», - Р.Нұрбатчанов.
Сонымен қатар ТЖ департаменті басшысы жылдан жылға шешімін таппай қалатын басқа да мәселелерге тоқталып өтті. «Облыс аймағында күші 7-ден 9 баллға дейін болатын жер сілкінісі қаупі бар. Бұл аймақтарға өндірістік дамыған Өскемен, Зырян, Риддер қалалары және халқы тығыз орналасқан аудандар жатады. Объектілерді зерттеу мен сейсмотұрақтандыру бойынша бағдарламаларды қаржыландыру жүргізілмегендіктен күшті жер сілкінісі болған жағдайда адам шығынына әкеп соғуы мүмкін, сонымен қатар тұрғын үйлер, ғимараттар, құрылыстардың бұзылуы, облыстың ғана емес республика экономикасына да елеулі шығын әкелуі мүмкін», - деп атап өтті Руслан Нұрбатчанов.
Гидроқұрылыстарға келетін болсақ, онда да олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша кешенді істер атқарылмаған. «ШҚО-да әртүрлі меншік түріндегі 193 гидротехникалық құрылыстар мен бөгеттер бар. Олардың барлығы өткен ғасырдың 50-70 жылдары салынған. Жобаға салынға беріктілік қоры жойылғандығы сөзсіз. Қаржы бөлінбегендіктен бөгеттердің күйін зерттеу мен оларды күшейту бойынша кешенді жұмыстар атқарылмайды», деді ШҚО ТЖД бастығы.
ТЖ алдын алу мәселелері бойынша жоспар бойынша және жоспардан тыс кешенді көптеген шаралар атқарылды. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке тоқталатын болсақ, онда жүргізілген тексерулер барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша 12 000 нормативтік құжаттар талаптары бұзушылықтары анықталды. Қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіру бойынша бұзушылықтарды анықтап, қорытындылай келе ШҚО ТЖД өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік инспекторлардың талаптары бойынша мекеме жетекшілеріне 155 объектіні тоқтатуларына тура келді.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан республикасындағы ең қар көшкіні қауіпті аймақ болып табылады. Облыс аймағында 500 жуық қар көшкіні түсу қаупі бар жерлер бар, олардың 336 ошағы адам өмірі мен нысандарға қауіп төндіреді. Ең қауіпті аймақтардың бірі ол жолдардың жаңайы болып табылады. Трассаның 262 км.-не қар көшкіні түсуі ықтимал. «ҚР ТЖМ Қазселденқорғау» ММ филиалының бастығы қар жамылғысы жағдайы күнделікті бақылауда, қауіпті аймақтар зерттеліп отыратындығын айтты. Облыстағы ең қауіпті сел жүру қаупі жағдайын «Қазселденқорғау» қызметкерлері үнемі бақылауда ұстайды. Су тасқыны болған жағдайда адамдарды көшіру бойынша шаралар жоспары әзірленген. Облыста су тасқынынан қорғау бойынша кешенді үлгі жасалған. Бірақ селден қорғау құрылыстарына қаржы бөлінбегендіктен олар жоба түрінде қалып отыр.
Биыл ШҚО ТЖД бейбіт азаматтарды азаматтық қорғауға оқытуды ерекше назарға алды. Ол тізімге зауыт, кәсіпорындар жұмысшылары, студентер, оқушылар енді. «Біздің мақсатымыз халықты өздерін қорғауға үйрету, қауіпсіздендіру және ТЖ кез келген жағдайына дайын болуға үйрету. Біздің аймақта әртүрлі төтенше жағдайлар орын алулары мүмкін, ондай жағдайда адам өз-өзіне көмектесе алмаса, онда құтқарушының да күші көмектесе алмайды. Жер сілкінуі жайында айтатын болсақ, онда азаматтар ірі масштабты сейсможаттығуларға белсене қатысты. Осындай жаттығулар бір мезгілде облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтті», - деді ШҚО ТЖД АҚ басқармасының бастығы Мұрат Касенов.
ШҚО ТЖД Суда құтқару қызметінің өкілдері де баяндама жасады. «Суға адамдар ең көп жаз мезгілінде кетеді, ол 80 пайызға жуық деуге болады. Қаза болу себебі адамдардың мас күйде жабдықталмаған жерлерде суға шомылуынан болады. Ол шамамен 90%», - деді ШҚО ТЖД суд құтқару қызметінің бастығы. Қысқы мерзімге келетін болсақ, онда адамдардың қаза болуы мен техникалардың жойылуы жабдықталмаған, рұқсат етілмеген өткелдерден өту салдарынан, сонымен бірге мұздағы әрекет ету ережелерін бұзу салдарына болып отыр. Қызметкерлер халық арасында қауіпсіздік ережелерін насихаттау мен алдын алу, оқытуға зор көңіл аударады.
Жалпы алғанда ШҚО ТЖ департаменті ТЖ алдын алу бойынша көптеген жоспарлы және жоспардан тыс кешенді шаралар өткізді. Халықтарға қателік жасамауларын жеткізу мақсатында үнемі рейдтер, жиындар, оқытулар өткізіліп тұрады.
Өткен жылды қорыта келе департамен басшысы, бөлімдер мен аудандық бөлімшелер жетекшілері шешілмеген мәселелерді алға тартты және ШҚО ТЖД орындайтын тапсырмаларды белгіледі.
Кеңесті ТЖ министрлігінен келген өкіл, ҚР ТЖМ АҚ департаментінің директоры Мейрам Ысқақов аяқтады. ҚР Тәуелсіздігінің нығаюына және мемлекеттің құрылуы мен дамуын маңызды үлес қосқаны үшін ҚР Предидентінің Жарлығымен Руслан Нұрбатчанов «Қазақстан Республиқасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталды.
ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі |